Павлодар облысы әкімінің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл мереке – қазақстандықтар аса жоғары бағалайтын бірлік пен бейбітшіліктің символы. Біз елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениеті мен әдет-ғұрпына құрметпен қараймыз және бұл біздің негізіміз бен күшіміз екені сөзсіз.
Су тасқыны кезінде рухымыздың қаншалықты біртұтас және бірлігіміздің бекем екенін көрсеттіңіздер. Су тасқыны салдарын жоюға қатысқан, зардап шеккен мүлікті қалпына келтіруге, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинауға және жеткізуге көмектескендердің барлығына зор алғысымды білдіремін.
Осынау айтулы мереке күні баршаңызға бейбітшілік, мықты денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Берекеміз артып, бірлігіміз мызғымасын. Қазақстан халқының достығы нығая берсін!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -