Павлодар облысы әкімінің Жеңіс күнімен құттықтауы: Павлодар облысы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Павлодар облысы әкімінің Жеңіс күнімен құттықтауы

Павлодар облысы әкімінің Жеңіс күнімен құттықтауы

Павлодар облысы әкімінің Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері, жерлестер!

Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі ерлікке толы қастерлі күнді атап өтерде қысқа, бірақ, салмағы ауыр «Жеңіс» сөзінің астарында сарбаздардың батылдығы мен жанқияр ерлігі жатқанын еске аламыз. Ұлы Отан соғысының тарихында миллиондаған есім мәңгілікке жазылды, олардың арасында біздің де жерлестеріміз бар.

10 мыңнан астам павлодарлық ерліктері үшін түрлі жауынгерлік наградаларға ие болды. Облыстың 23 тұрғынына Кеңес Одағының батыры атағы берілсе, 8 адам Даңқ орденінің толық кавалері атанды.

Өкінішке орай, уақыт керуені жылжыған сайын сұрапыл соғыстың соқпағынан өткен жандар да азаюда. Бүгінде Павлодар облысында 7 ардагер ғана қалды. Олардың әрбірінің тағдыры - батылдықтың, мұқалмас ерік-жігердің, рух пен ерліктің үлгісі.

Осынау айтулы мерекеде ең алдымен бейбітшілік, баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір, жақындарыңыздың қамқорлығы, бақыт пен жақсылық тілеймін!

Жеңіс күні құтты болсын!



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Павлодарской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<!DOCTYPE html> <html> <head> <meta http-equiv="Content-Type" content="text/html;charset=UTF-8"> </head> <body> <p>Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері, жерлестер!<br><br>Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!<br><br>Бүгінгі ерлікке толы қастерлі күнді атап өтерде қысқа, бірақ, салмағы ауыр «Жеңіс» сөзінің астарында сарбаздардың батылдығы мен жанқияр ерлігі жатқанын еске аламыз. Ұлы Отан соғысының тарихында миллиондаған есім мәңгілікке жазылды, олардың арасында біздің де жерлестеріміз бар.<br><br>10 мыңнан астам павлодарлық ерліктері үшін түрлі жауынгерлік наградаларға ие болды. Облыстың 23 тұрғынына Кеңес Одағының батыры атағы берілсе, 8 адам Даңқ орденінің толық кавалері атанды.<br><br>Өкінішке орай, уақыт керуені жылжыған сайын сұрапыл соғыстың соқпағынан өткен жандар да азаюда. Бүгінде Павлодар облысында 7 ардагер ғана қалды. Олардың әрбірінің тағдыры - батылдықтың, мұқалмас ерік-жігердің, рух пен ерліктің үлгісі.<br><br>Осынау айтулы мерекеде ең алдымен бейбітшілік, баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір, жақындарыңыздың қамқорлығы, бақыт пен жақсылық тілеймін!<br><br>Жеңіс күні құтты болсын!</p> </body> </html>

Аймақтағы жаңалықтар