Павлодар облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті
«Amanat» партиясымен ұйымдастырылған форумның жұмысына облыс әкімі Асайын Байханов қатысты.
- Биыл мен өңірдің 50-ден астам ауылына барып, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру бойынша округ әкімдерімен кездестім. «Қуатты өңірлер - қуатты ел» - бұл жай ғана сөз емес, Әділетті Қазақстанды құрудағы айқындаушы формула. Ауыл әкімінің қызметі жұмыс күнімен шектелмейді, ал, халықпен жұмыс жасау тек қабылдау сағаттарымен шектелмейді. Барлығымыздың алдымызда ортақ мақсат - халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өңірді дамыту тұр. Бұл күрделі әрі көп салалы жұмыс, - деді өңір басшысы.
Облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, Amanat партиясының өңірлік филиалының мүшелері әкімдермен бірлесіп ашық диалог алаңында ауылдардың өзекті мәселелерін қарады. Форумның басты тақырыбы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды талқылау болды.
Павлодар облысындағы 355 ауылдық елді мекен 126 дербес ауылдық бюджетке біріктірілген. Өңірде ауылдық округтердің үдемелі дамуы байқалады. Биыл жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің көлемі 21,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға артық. Орташа алғанда, ауылдық бюджеттің қаржылық қамтамасыз етілуі 9% құрайды және 90%-ға дейін жоғары тұрған бюджеттерден субвенциямен және трансферттермен өтеледі.
Биыл облыстық бюджеттен 250-ге жуық жобаны іске асыруға 6 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Қаражат 117 ауылға бөлініп, облыстың барлық ауылдарының 1/3 бөлігі қамтамасыз етілді.
Соңғы 15 жылда алғаш рет «бизнес пен мемлекеттің» өзара әрекеттестігі шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандар үшін 800-ден астам пәтер, оның ішінде облыстың 10 ауданында 313 пәтер сатып алынды.
Ауылдарды дамыту мен жаңғыртуға «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру көмектесуде. Биыл 15 ауыл қамтылды. Бұл су құбырларын, спорт нысандарын, мәдениет үйлерін жөндеу және салу, ауылдарды абаттандыру, ауылдардың кірме жолдарына асфальт төсеу.«Ауыл аманаты» жобасы биыл жаңа кәсіпорындар ашуға, қайта өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге, мал басын көбейтуге, сондай-ақ, 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.
«AMANAT» партиясының Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов бүгінгі таңда әкімдер - ел үміті екенін атап өтті.- Әкімшілік реформа өз нәтижесін беруде. Жергілікті жердегі мәселелерді шешу үшін өкілеттіктер орталық деңгейден төменге беріледі. Ауыл әкімдерін сайлау саяси жаңғырудың жаңа кезеңі, сондай-ақ, жүргізіліп жатқан реформалардың бірізділігі мен тиімділігін көрсетеді. Бұл дегеніміз, сіздерде жергілікті тұрғындардан қолдау бар екенін білдіреді және сіздер ауылды басқаруда өздеріңіздің жеке моделін құрасыздар. Келесі жылы әкімдердің сайлауы барлық қалалар мен аудандарда өтеді. Сонымен қатар, бюджеттік орталықсыздандыру жүргізілуде. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін арттыру қажет. Атап айтқанда, Үкіметке жаңа бюджет және салық кодекстерін әзірлеу шеңберінде ауыл әкімдерінің бюджетті қалыптастыру және қаражатты жұмсау тетігін қайта қарау тапсырылды, - деді Мәди Оспанов.
Форум ауыл әкімдері мен депутаттар арасында тәжірибе алмасуға, бірқатар мәселелерді нақтылауға, болашақтағы жоспарларды анықтауға мүмкіндік берді. Іс-шараның екінші бөлімінде қатысушылар үшін ауылдық округ бюджетін қалыптастыру және пайдалану бойынша оқыту семинар-тренингі өткізілді.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -