Павлодар облысында Республика күні кеңінен атап өтілді
Мереке ҚР Мемлекеттік рәміздері алаңында Мемлекеттік туды көтеру рәсімінен басталды. Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысты.
Ұлттық мереке қарсаңында өңірде іс-шаралар онкүндігі өтіп, спорт нысандары мен тұрғын үйлер ашылды.
Мойылды ауылында белгілі жерлесіміз, халық әртісі, режиссер Кәукен Кенжетаевтың есімі берілген мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Өңір басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, жаңа әлеуметтік нысандарды салу және қолданыстағы әлеуметтік нысандарды жаңарту ауыл тұрғындары үшін жайлы жағдай жасаудың тағы бір қадамы екенін атап өтті.- Мәдениет үйін салу мәселесін ауыл тұрғындары 2019 жылдан бастап кездесулерде көтеріп келді. Ауылдың шығармашылық ұжымдары дайындықтарын санаторийде немесе мектепте өткізуге мәжбүр болды. Биылғы жылы жоба «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылды. Көптеген жылдар бойы күткен мәдениеттің жаңа ошағы тартымды орталыққа, жақсы демалыс орнына айналуына тілектеспін, - деді облыс әкімі.
Ауданы 1500 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимаратта тұрғындардың бос уақыттарын өткізуге және шығармашылықпен айналысуына барлық жағдайлар жасалған: 300 орындық концерт залы, үйірмелер кабинеттері, көркемөнер, үлкен хореография залы бар. Аталмыш мекеменің ерекшелігі сұйытылған газбен жұмыс істейтін қазандық болды. Бүгінгі таңда бұл өңірдегі осындай экологиялық технологияны қолданған алғашқы әлеуметтік нысан.
Жаңа мәдениет үйінің алғашқы көрермендеріне Республика күні қарсаңында Естай атындағы мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары концертттік бағдарлама ұйымдастырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -