Павлодар облысында шомылу маусымына дайындық
Бүгінгі таңда облыс аумағында 47 жағажай жұмыс істейді деп жоспарлануда, оның ішінде 27 коммуналдық және 20 жеке жағажай.
ТЖ департаменті 2024 жылдың жазғы кезеңінде Ertisrromenade (Орталық жағалау) сахнасында «Бақытты балалық шақ» қауіпсіздік мектебінің жұмыс істеуін ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастырады. Жаз бойы Орталық жағалаудағы балалар мен ересектер апта сайын судағы қауіпсіздік ережелерін, жүзу қабілетін және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді үйренеді.
Сондай-ақ, жазғы кезеңде «Бақытты балалық шақ» қауіпсіздік мектебінің «Халық радиосымен» жұмысы қайта басталады, радиохабарлар арқылы балалармен жасөспірімдерге әңгімелері мен ертегілері оқытылады.
Бүгінгі таңда облыс аумағында 122 рамалық-модульдік бассейн бар. 2023 жылы барлығы 9,5 мың оқушы жүзуге үйретілді.
Халыққа ыңғайлы және көбірек ақпараттандыру болу үшін 177 тыйым салынған орынның 43-і 2 ГИС мобильді қосымшасында көрсетілген.
Жаз бойы мүдделі органдармен, еріктілермен бірлесіп су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында рейдтік профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін болады.
Павлодар облысы ТЖД
қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -