Павлодар облысында «Жер-2024» РКШОЖ
Оқу-жаттығу шеңберінде Екібастұз, Ақсу және Павлодар қалаларында жер сілкінісінің ықтимал салдарын жою үшін Алматы қаласына шартты түрде жөнелту үшін инженерлік техниканы тиеу жүргізілді. Инженерлік топ пен жеке құрамның дайындығы да тексерілді.
ТЖД қызметкерлерімен ТЖ аймағынан азаматтарды қабылдауға арналған екі лагерь ұйымдастырылды. Олар дала лагері Аққулы ауданында және стационарлық лагерь Май ауданында орналастырылып, жабдықталды. Жергілікті атқарушы органдар ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп зардап шеккен халықты орналастыру іс-әрекеттерін пысықтады.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -