Павлодар облысында жылыту кезеңіне дайындық жүргізілуде
Павлодар облысының аумағында тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіліп жатыр. Аталмыш іс-шараға азаматтық қорғау органдарының 500-ден астам қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және еріктілер ұйымдарының өкілдері жұмылдырылды.
Бүгінгі таңда 7343 адам қамтылған 5 мыңнан астам жеке тұрғын үйлер араланды.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықпен 40-тан астам жиын ұйымдастырып, өткізілді. Жергілікті атқарушы органдардың есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарына көміртегі тотығын ерте анықтайтын 50 датчик орнатылды, сондай-ақ түтін мұржалары тазартылды.
Пештерді тексеру және аулаларды аралау шеңберінде ТЖД мамандары азаматтарға пешті қыста қалай дайындау керектігін және өрт немесе көміртегі тотығымен улануды тудыруы мүмкін бұзушылықтарды жою туралы ережелерімен бөлісті. Жылыту кезеңі бойы пешпен жылытылатын барлық тұрғын үйлерге нұсқамалар беріліп, аулаларды аралау жүргізілетін болады.
ТЖД қызметкерлері азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -