Павлодар облысының аумағында су тасқыны кезеңінің қорытындылары
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап облыс бойынша 10 елді мекенде 139 адам, оның ішінде 55 балатұратын 38 тұрғын үйді су басуорын алды. Төтенше жағдайлар департаменті күштерімен 45 адам эвакуацияланды, оның ішінде 26 бала. 250 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды. Су тасқыны кезінде ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі тіркелген жоқ. 27 автокөлік жолдарының учаскелерін су басу фактілері тіркелді.
Су тасқыны салдарын жоюға тартылған күштер мен құралдардың ең көп саны 439 адамды, 138 техниканы, 44 мотопомпаны, 2 жүзу құралдарын құрады, оның ішінде Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, Полиция департаменті, Павлодар мұнай-химия зауыты. Барлығы 1 107 мың текше метрден астам еріген су сорылды, 29 мыңнан астам қапшық төселді және 125 мың тоннадан астам инертті материал себілді.
Шүлбі су қоймасынан (Шығыс Қазақстан және Абай облысы) табиғатты қорғау су жіберудің алдын ала кестесіне сәйкес ағымдағы жылы су жіберу 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында жүзеге асырылды. Жоспарланған су ағынының жалпы көлемі 6,27 текше км құрады. Ертіс өзенінің арнасы бойынша су деңгейіне мониторинг жүргізу мақсатында «Ландшафт Дизайн Павлодар» ЖШС күшімен 14 гидропост қойылды. Сондай-ақ, «Қазгидгомет» РМК-дан 5 тұрақты гидропост бар.
Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар су жіберуге дайындық шеңберінде қолданыстағы үйінділерді нығайту үшін 130 мың тоннадан астам инертті материал себілді, 10 мыңнан астам дана қаптар төселді, 18 мыңнан астам дана қаптар дайындалды, қосымша 31 мың метрден астам қорғаныс үйінділері тұрғызылды. Табиғатты қорғау су жіберу кезеңінде тұрғын үйлерді және автомобиль жолдарының су басу фактілері тіркелген жоқ.
Павлодар облысы ТЖД
ТЖ алдын алу басқармасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -