Павлодар облысының су айдындарында рейдтік іс-шаралар
Оқу жылының аяқталуына байланысты құтқарушылардың назары шомылу кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігіне аударылды. Әрбір азамат судың қауіптілігі жоғары аймақ екенін есте ұстауы керек.
Осыған байланысты қала акваторияларында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ТЖД қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен, сондай-ақ қаланың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Рейд барысында халыққа жадынамалар мен брошюралар тарата отырып, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері жеткізілді.
ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Құтқарушылар су айдындарының арнайы бөлінген және санкцияланған учаскелерінде ғана шомылуды, сондай-ақ мас күйінде шомылмауды және балаларды ересектердің қарауынсыз судың жанында қалдырмауды қатаң түрде ұсынады.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -