Павлодар полицейлері мыңнан аса жол жүру ережелерін бұзушыларды анықтады
Павлодар полицейлері мыңнан аса жол жүру ережелерін бұзушыларды анықтады.
Полиция облыс жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүзеге асырады.
Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 9-12 шілде аралығында өңір аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезінде жол жүру ережелерін өрескел бұзуға, сондай-ақ жаяу жүргіншілермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады.
Іс-шара басталғаннан бері жол жүру ережелерінің 1 042 бұзушылығының жолы кесілді. Оның ішінде жылдамдық режимін бұзғаны үшін – 468, жаяу жүргіншілердің жолдың жүру бөлігін өту ережелерін бұзғаны үшін – 93, жүргізу кезінде телефондарды пайдаланғаны үшін – 40, жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін – 22, бағдаршамның тыйым салу сигналына жол жүргені үшін – 20, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін – 12 жүргізуші жазаланды. Апаттық жағдай жасағаны үшін – 6 бұзушылық анықталды. Түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 29 автокөлік айып тұрағына қойылды.
– Әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамды тәрбиелеу, заңнама талаптарын сақтау және құқықтық тәртіпті құрметтеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзі де, басқа адамдар да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Алайда кейбір азаматтар сот белгілеген шектеулерді елемей, заң талаптарына немқұрайлы қарайды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.
Мысалы Павлодар қаласындағы Қамзин көшесінде жүргізуші жүргізу құқығынан айырылып, Мercedes автокөлігін жүргізген. Осыған ұқсас бұзушылықтарға Лермонтов көшесінде келе жатқан Тоyota автокөлігі мен Lаdа автокөлігінің жүргізушілері де жол берді. Осы бұзушылық үшін жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар жасалып, сотқа жіберілді. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды.
Тоyota және Ravon автокөліктерінің жүргізушілері есірткіге мас күйінде болды. Құқық бұзушылардың тәртібі де сотта қаралады. Полиция аймақ тұрғындарының назарын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіздікті ескеруге, сондай-ақ заңды талаптарды сақтауға аударады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -