Педагогикалық колледжге - 120 жыл: Абай облысы, 28 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Педагогикалық колледжге - 120 жыл

Педагогикалық колледжге - 120 жыл

Педагогикалық колледжге - 120 жыл

Педагогикалық колледжге - 120 жыл

Педагогикалық колледжге - 120 жыл

Педагогикалық колледжге - 120 жыл

Педагогикалық колледжге - 120 жыл

М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 120 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Атаулы шара қазақ педагогикасының қара шаңырағы саналатын оқу ордасының терең тарихын, бүгінгі жетістіктерін және болашақтағы бағытын талқылауға арналды. Конференцияға еліміздің ғалымдары, ақын-жазушылары мен білім саласының мамандары, колледж түлектері, 300-ге жуық адам қатысты.

Конференция аясында қатысушыларға колледж тарихын арқау еткен деректі фильмнің тұсаукесері ұсынылып, Мұхтар Әуезовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Іс-шарадағы негізгі баяндамаларды Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті Асқарбек Құсайынов, және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы жасады. Баяндамашылар колледждің білім беру үдерісіндегі рөлі, оның жаңашылдықтары мен қоғамға тигізген әсері туралы кеңінен сөз қозғады.

Конференция бағдарламасы кең ауқымды қамтыды. Семинар-практикум, фото көрме, мұрағаттық құжаттар көрмесі және танымал түлектерге арналған тақырыптық кабинеттердің ашылу салтанаты өткізілді. «Оқу орнының түлектері – тарихи тұлғалар» тағзым тақтасы ашылды. Жаңадан ашылған кабинеттер қатарында академик Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, ақын-жазушы Тұрлыхан Қасенұлы, ғалым Қайым Мұхамедханов сияқты тұлғаларға арналған кабинеттер болды. Колледждің коворкинг орталығының салтанатты ашылуы және бірқатар мерейтойлық кітаптардың тұсаукесері өтті.

Мерекелік шара барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғысы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi» құрмет дипломымен колледждің 22 педагогы марапатталды.

Сондай-ақ Абай облысы әкімі және білім басқармасының марапаттары табысталды. Облыс әкімі атынан колледжге 10 млн теңгелік сертификат табысталды. Үздік студенттерге «Үздік Әуезовші» және «Асылхан Бекбаев атындағы» шәкіртақылар табысталды.

Конференция қазақ білімінің келешегін бағдарлайтын бірегей платформаға айналды. Бұл іс-шара білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және болашақ ұрпаққа үлгі болатын тұлғаларды танытуға зор мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар