Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы Қазақстанның 54 елді мекенін қамтиды
2024 жылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Қазақстанда пилоттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл кезең аясында еліміздің әр өңірінде екі ауылдан және бір қаладан – барлығы 54 елдімекен қамтылады. Жетісу облысы бойынша Ақсу ауданының Сағабүйен мен Есболатов ауылдары және Сарқан ауданының Сарқан қаласы пилоттық санаққа қатысады.
Санақты Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жүргізеді. Оған заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, шаруа және фермер қожалықтарын қоса алғанда, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтары қатысады.
«Ауыл шаруашылығының пилоттық санағы кемшіліктерді анықтап, негізгі санақ процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Өйткені тестілеу кезеңінде біз деректерді жинау әдістерін талдап, қолданылатын технологиялардың тиімділігін бағалап, жұмыс процесі кезінде туындауы мүмкін проблемаларды анықтай аламыз. Бұл тәсілдерді түзетуге, кадр даярлығын жақсартуға және 2025 жылғы негізгі ауыл шаруашылығы санағы кезінде ауыл шаруашылығының жай-күйін дәлірек және толық көрсетуге мүмкіндік береді», – деді ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
Санақ сауалнамалары өз бетінше толтыру үшін 20 тамыздан 30 қыркүйекке дейін sanaq.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Сондай-ақ үй шаруашылықтарына арнайы киінген (ақ қалпақ пен оның жеке басын куәландыратын бэйджы бар) және қолында планшеты бар интервьюерлер келеді. Респонденттерге ауыл шаруашылығында айналысатын экономикалық қызмет түрі, инженерлік-техникалық коммуникациялардың, дербес энергия көздерінің, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының қолжетімділігі, еңбек ресурстарының, өндірістік жайлар мен имараттардың болуы, төрт түлік саны, жер учаскелері, органикалық өнім өндірісі туралы және т.б. сұрақтарға жауап беру қажет болады.
Пилоттық санақ барысында 29 мың үй шаруашылығы мен 8 мың кәсіпкерлік субъектісі қамтылады деп жоспарланған. Ауыл шаруашылығы санағы мәселелері бойынша кеңес алу үшін 1446 байланыс орталығына немесе телеграмдағы
ботына хабарласуға болады.ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -