Пластик бойынша халықаралық міндетті құжаттың жобасын талқылау бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі үкіметаралық комитеттің жұмысына қатысу
Ағымдағы жылдың сәуір айында өткен Пластик бойынша халықаралық міндетті құжаттың (INC-4) жобасын талқылау бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі үкіметаралық комитеттің төртінші сессиясында қаржыландыру, арнайы қор құру, пластикалық өнімдер мен химиялық элементтердің өнімін жобалау бойынша екі арнайы сессияаралық ашық сараптамалық топ өткізу туралы шешім қабылданды.
Аталған сессияаралық талқылаулар 2024 жылғы 24-28 тамыз аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтті, талқылауға 150-ден астам ел, оның ішінде Қазақстан өкілдері қатысты.
Талқылау барысында Қазақстан делегаттары қаралып отырған мәселелер бойынша елдің ұстанымын атап өтті. 25 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Оңтүстік Кореяның Бусан қаласында өтетін пластикалық Келісім жобасын талқылау бойынша келіссөздердің бесінші раундында құжатты қалыптастыру кезінде елдердің өтініштері ескерілуі керек. Құжаттармен ресми сайтта танысуға болады https://www.unep.org/inc-plastic-pollution/ioeeg
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -