Президент АЭС бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "2024 жылғы 6 қазанда Республикалық референдум өткізу туралы" Жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні Ақорданың сайтында жарияланған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілсін.
2. Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» – делінген жарлықта.
Құжатқа сәйкес республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу Орталық референдум комиссиясының функцияларын орындайтын ҚР Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының функцияларын орындайтын аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктелген.
Үкімет ОСК, басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Республикалық референдум ұйымдастыру және өткізу жөнінде шаралар қабылдауы қажет.
Жарлық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -