Президент кеңесшісі Абай облысының қоғам өкілдерімен кездесті
Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірдің белсенді жастарымен, діни қызметкерлермен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды реформаларға, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Ұлттық Құрылтайда айтқан идеялары мен бастамаларын түсіндіруге кеңінен тоқталды.
«Айта кету керек, Президент біз ұстануға тиіс ең маңызды үш нәрсе: әділдік, ұрпақтар сабақтастығы және өрлеу туралы айтты. Қазір біз үшін ең маңыздысы - әділдік. Әділ шешім қабылдайтын саналы азамат қана қоғамға пайдалы болады», - деп атап өтті Мәлік Отарбаев.
Діни қызметкерлер өкілдерімен кездесуде Мәлік Отарбаев жастардың рухани келбетін қалыптастырудың, сондай-ақ Адал азамат тұжырымдамасының ерекше рөлін атап өтті.
Сонымен қатар, Мәлік Отарбаев жастармен кездесу барысында Мемлекет басшысының атынан су тасқыны кезіндегі көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді. Сондай-ақ, Президенттің кеңесшісі ҚХА мүшелерімен кездесіп, этносаралық келісім бағыты бойынша жұмыс тиісті бағытта жалғасатынын атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -