Президент су тасқыны кезінде көзге түскен Қарулы күштердің әскери қызметшілерін марапаттады: Астана қаласы, 19 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Президент су тасқыны кезінде көзге түскен Қарулы күштердің әскери қызметшілерін марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен қарғын суға қарсы шаралар кезінде көрсеткен қажырлы еңбегі мен жанқиярлығы үшін Қарулы күштердің әскери қызметшілері жоғары мемлекеттік наградалар – ІІ дәрежелі «Айбын» ордені және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 99250 әскери бөлімінің командирі полковник Расул Зәкіровке ІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыс етті. Оның басшылығымен Батыс Қазақстан облысының аумақтық қорғаныс бригадасы елді мекендерді аман алып қалуға атсалысты. Тәулік бойы атқарылып жатқан жұмыстар ұйымдастыруды және жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.

Қарулы күштердің ұшу құрамы да апатты жағдайда зор еңбек етті. Әуе қорғанысы күштері әскери институты бастығының орынбасары полковник Амангелді Мақышевтың басшылығымен Ми-8 тікұшағының экипажы Батыс Қазақстан облысында жергілікті халықты іздеумен, құтқарумен және оларды эвакуациялаумен айналысты.

Осындай шараларға Астана қаласындағы 19132 жылы әскери бөлімі жауынгерлік даярлық бөлімі ұшуды басқару тобының бастығы подполковник Миршат Сағындықов және Әуе қорғанысы күштері әскери институты курсанттар батальонының командирі подполковник Асхат Шафиев та қатысты.

Судан өткел жасауды ұйымдастыру барысында Қонаев қаласындағы 58012 әскери бөлімінің понтон-көпір батальоны взводының командирі 3-сыныпты сержант Захиджан Каримов та еңбегімен көзге түсті.

Батыс Қазақстан облысында жағалауды күшейту жұмыстарын жүргізу кезінде 18404 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының жауынгерлік және дене дайындығы жөніндегі нұсқаушысы 3-сыныпты сержант Амангелді Базарбаев қажырлы қызмет етті.

Мемлекет басшысы Ақордада олардың жанқиярлық еңбегін елеп, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Тоғыз әскери қызметшіге мемлекеттік наградалар салтанатты түрде қызмет орнында табыс етілетін болады. II дәрежелі «Айбын» орденіне Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының аға инспектор – ұшқышы полковник Қайрат Түгелов лайық деп танылды.

Әуе қорғанысы күштері әскери институты оқу авиациялық орталығы эскадрильясының буын командирі және командирдің орынбасары майорлар Жәнібек Бекбаулиев пен Бибарыс Ыбыраев, 19132 әскери бөлімі авиациялық эскадрильясының штурманы майор Асхат Сейілов, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штабы инженерлік әскерлер бөлімінің аға офицері подполковник Тимур Зәкіров, 30238 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Сәкен Шұғанов, 35748 әскери бөлімі рота командирінің орынбасары аға лейтенант Жасұлан Бірібаев, 31775 әскери бөлімінің аға маманы ефрейтор Асан Тілеубай, Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының аға инспектор – ұшқышы полковник Владимир Семенов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Естеріңізге сала кетсек, Қарулы күштердің әскери қызметшілері Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарына және Абай облыстарындағы қарғын суды жоюға жұмылдырылған болатын. Екі айдың ішінде олардың күш-құралдарымен өзендердің жағалаулары күшейтіліп, 183 шақырым бөгеттер нығайтылды, шамамен 3,5 млн қап құм толтырылып, жалпы ауданы 766 га объектілерге дезинфекция жүргізілді, армиялық авиация тікұшақтарының экипаждары 3,5 мыңнан аса азаматты эвакуациялады, ал ұшақ экипаждары 280 тоннаға жуық жүк жеткізді.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар