QazExpoCongress ұлттық компаниясы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша еншілес корпоративтік қорларының бірін таратты: Астана қаласы, 30 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

QazExpoCongress ұлттық компаниясы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша еншілес корпоративтік қорларының бірін таратты

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ (әрі қарай – Ұлттық компания) құрылымын оңтайландырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» еншілес корпоративтік қорын таратты.

Cауда және интеграция министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша Ұлттық компанияның екі корпоративтік қоры бар екені анықталды: «QazExpoCongress» КҚ және «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ. Бірінші қор арқылы Ұлттық компанияны нысаналы қаржыландыру жүзеге асырылады, ал екіншісі Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы және Дубайдағы ЭКСПО-2020 аумағындағы қазақстандық павильондарды басқарады.

Бұл екі коммерциялық емес ұйымдағы жұмыс жүктемесінің аздығы, сондай-ақ жекелеген функциялардың қайталануы олардың одан әрі қатар жұмыс істеуінің орындылығына қатысты сұрақ туындатты. Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-мен бірлесіп тиісті шара қабылдау тапсырылды.

Нәтижесінде Ұлттық компания Министрлікпен келісім бойынша «QazExpoCongress» КҚ-ның қарамағына қолда бар мүлікті, ғимараттарды, сондай-ақ шарттар бойынша міндеттемелерді бере отырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ-ны тарату туралы шешім қабылдады.

Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасының басқа тармақтары толық орындалғанға дейін бақылауда болады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ (әрі қарай – Ұлттық компания) құрылымын оңтайландырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» еншілес корпоративтік қорын таратты.

Cауда және интеграция министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша Ұлттық компанияның екі корпоративтік қоры бар екені анықталды: «QazExpoCongress» КҚ және «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ. Бірінші қор арқылы Ұлттық компанияны нысаналы қаржыландыру жүзеге асырылады, ал екіншісі Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы және Дубайдағы ЭКСПО-2020 аумағындағы қазақстандық павильондарды басқарады.

Бұл екі коммерциялық емес ұйымдағы жұмыс жүктемесінің аздығы, сондай-ақ жекелеген функциялардың қайталануы олардың одан әрі қатар жұмыс істеуінің орындылығына қатысты сұрақ туындатты. Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-мен бірлесіп тиісті шара қабылдау тапсырылды.

Нәтижесінде Ұлттық компания Министрлікпен келісім бойынша «QazExpoCongress» КҚ-ның қарамағына қолда бар мүлікті, ғимараттарды, сондай-ақ шарттар бойынша міндеттемелерді бере отырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ-ны тарату туралы шешім қабылдады.

Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасының басқа тармақтары толық орындалғанға дейін бақылауда болады.

Аймақтағы жаңалықтар