ҚР Қарулы күштері Бас штабының алғашқы бастығы Сейілбек Алтынбеков – 80 жаста: Астана қаласы, 16 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР Қарулы күштері Бас штабының алғашқы бастығы Сейілбек Алтынбеков – 80 жаста

Ардагерді мерейтойымен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Қайрат Даутов, штаб бастығы – Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Алмас Исабеков, әскери қызметшілер мен әріптестері құттықтады.

Олар генералдың 80 жылдық мерейтойына орай Қорғаныс министрінің құттықтауын тапсырып, Қарулы күштердің құрылысына қосқан үлесі және жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі зор еңбегі үшін алғыс білдіріп, "Ел қорғаны" медалін табыс етті.

Сейілбек Алтынбекұлы 1944 жылы 15 маусымда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Киров колхозында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Сейілбек әскери жолды таңдап, Ташкент жалпыәскери командалық училищесінде кәсіптік білім алды. Фрунзе атындағы Әскери академияда оқыды. Әскери училище курсантынан штаб бастығы – Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

Сейілбек Алтынбеков Қарулы күштерді қалыптастыру және елдің қорғаныс қабілетін нығайту ісіне көп еңбек сіңірді. 1992 жылдың қазанынан 1993 жылдың желтоқсанына дейін Республикалық ұланның қолбасшысы болып, елдің жоғары басшылығы мен негізгі мемлекеттік органдардың жеке күзеті қызметіне басшылық жасады. Кейін Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетте жауапты лауазымдарда қызмет етті.

Сейілбек Алтынбекұлы II дәрежелі "Данқ", Қызыл Жұлдыз ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Ардагерді мерейтойымен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Қайрат Даутов, штаб бастығы – Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Алмас Исабеков, әскери қызметшілер мен әріптестері құттықтады.

Олар генералдың 80 жылдық мерейтойына орай Қорғаныс министрінің құттықтауын тапсырып, Қарулы күштердің құрылысына қосқан үлесі және жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі зор еңбегі үшін алғыс білдіріп, "Ел қорғаны" медалін табыс етті.

Сейілбек Алтынбекұлы 1944 жылы 15 маусымда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Киров колхозында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Сейілбек әскери жолды таңдап, Ташкент жалпыәскери командалық училищесінде кәсіптік білім алды. Фрунзе атындағы Әскери академияда оқыды. Әскери училище курсантынан штаб бастығы – Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

Сейілбек Алтынбеков Қарулы күштерді қалыптастыру және елдің қорғаныс қабілетін нығайту ісіне көп еңбек сіңірді. 1992 жылдың қазанынан 1993 жылдың желтоқсанына дейін Республикалық ұланның қолбасшысы болып, елдің жоғары басшылығы мен негізгі мемлекеттік органдардың жеке күзеті қызметіне басшылық жасады. Кейін Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетте жауапты лауазымдарда қызмет етті.

Сейілбек Алтынбекұлы II дәрежелі "Данқ", Қызыл Жұлдыз ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Аймақтағы жаңалықтар