ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Халықаралық валюта қоры миссиясының өкілдерімен кездесті
Кездесу Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Жарғысының IV бабына сәйкес жүзеге асырылатын қазақстандық билікпен консультациялар өткізу жөніндегі ХВҚ-ның жыл сайынғы миссиясының бөлігі болып табылады. Аталған басқосуға ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланше, аға экономист Грегорио Импавидо және басқа да сарапшылар қатысты.
Тараптар елдің орта мерзімді перспективадағы экономикалық перспективаларын, сондай-ақ 2024 жылға арналған бюджеттің ағымдағы атқарылуын қарастырды.
Өз кезегінде Мәди Төкешұлы Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдай туралы және Үкімет жүргізіп жатқан реформалар жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесу соңында ол ХВҚ-мен стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға сенім білдірді. Кездесу соңында министр ХВҚ-мен стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға сенім білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -