ҚР Қаржы Министрінің "ҚР ҚМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығының жобасы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу (Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу)
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ҚМ бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірленгенін хабарлайды.
Бұйрықтың осы жобасында мынадай өзгерістер мен толықтырулар көзделеді:
ТІЖ рәсімдеу және ЭШФ жазып беру кезінде (ерікті түрде) тауар кодтарын (GTIN немесе басқалар) қолдану;
2025 жылғы 1 қантардан бастап ЕАЭО шеңберінде туарларды әкелу/әкету кезінде «Нетто салмағын» міндетті түрде көрсету (көрсетілген мерзімге дейін еректі түрде);
2024 жылғы 1 қазаннан бастап сұйытылған мұнай газды сату кезінде ТІЖ-ды міндетті турде рәсімдеу;
ТІЖ бланкісін оңтайландыру (29 бағанға қысқартылды).
Сондай-ақ, бұйрықтың осы жобасымен құқық қолдану практикасын ескере отырып, нақтылаулар мен редакциялық түзетулер енгізілді.
Жоба 2024 жылғы 25 маусымда
(
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15100194)
ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.Жоба жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 10 шілдеге дейін.
Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -