Өңір басшысы қалалық сенбілікке қатысты
Облыс әкімі
Асхат Шахаров «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты. Шара облыстың бүкіл ауданында және қаланың Орталық саябағындағы Тутұғыр аумағында, «Ғашықтар» аллеясында, Триатлон саябағының аумағында және т.б орындарда өтті. Әкіммен бірге сенбілікке облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары атсалысты.Асхат Шахаров жасылелдік сарбаздармен әңгімелесу барысында табиғатты аялау маңызды екенін, бұл жұмыстарға жастардың қосар үлесі зор екенін атап өтті. 70-тен аса жас «Ғашықтар аллеясындағы» тротуарларды сыпырып, қураған шөптерді жинады.
Саябақта демалып жүрген ақтөбеліктермен де аймақ басшысы тілдесіп, саулық сұрасты. Қала тұрғындары Геннадий Викторович те, Әлібек Қалмырзаев та бос уақыттарын тиімді өткізу үшін осы демалыс орнына келеді екен. Таңғы жаттығу жасау, шахмат ойнау, газет оқу - айналысатын істері. Олар өңір басшысына саябақтың жарық шамдарын ауыстырып беруді сұрады. Жақын күндері мәселе шешімін табады, саябаққа жауапты кәсіпорын жұмысшылары шамдардың кабельдерін ауыстыруда.
Сонымен қатар, Асхат Шахаров Триатлон саябағы аумағын қоқыстан тазартқан бір топ белсендінің қатарына қосылды. Жасыл желектер өсіп тұрған аумақ арамшөптерге, құрғақ шөптерге толып қалған. Бұл орынды 100-ге жуық адам тазалады.
Бүгінгі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте 120 тоннадан аса қоқыс жиналды. Оның бәрін қалалық полигон тегін қабылдайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -