Өңір басшысы Асайын Байханов Железин ауданындағы орақ науқанының барысын тексерді
Биылғы жылы ауданның егіс алқабы 202.6 мың га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар - 136,5 мың га. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы болжамды түсімі: дәнді дақылдар - 121,1 мың тонна, майлы дақылдар - 28 мың тонна. Бүгінгі таңда 37,6 мың га алқап орылды, астық жинауға 644 комбайн жұмылдырылды.
Күзгі-дала жұмыстарына 3,5 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны, астықты кептіруге - 79 тонна әлеуметтік газ бөлінді. Ауданда 5 астық кептіргіш бар, оның ішінде 3 дизель отынымен, 2 газбен жұмыс істейді.
Өңір басшысы 4188 гектар алқаптан бидай, сұлы, күнбағыс жинап жатқан «Дари-АР» ЖШС-нің және қарақұмық, судан шөбі, күнбағыс жинап жатқан «Молдакельдинов» ШҚ-ның егістіктеріне барды. Диқандармен дәнді дақылдардың өнімділігін, сақталуы мен өткізілуін талқылады.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында облыс әкімі аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі - «AgroCapital» ЖШС-нің астық жинау жұмыстарының барысымен танысты. Мұндағы жұмыстарға 61 адам, 18 трактор, 10 комбайн жұмылдырылған, 11 жаңбырлатып суаратын құрылғы, өзінің көкөніс қоймасы мен қоймалары бар. Егіс алқабының көп бөлігіне бидай егілген.
Өңір басшысы аудан басшылығына астық жинау науқанының барысын бақылауды, фермерлерге уақтылы көмек және мемлекеттік қолдау көрсетуді тапсырды.
Аграршылармен кездесуден кейін өңір басшысы Башмачное ауылында болды. Мұнда өзеннің жағалау жиегі біртіндеп құлауда, бұл болашақта тұрғын үйлер мен инженерлік коммуникацияларға қауіп төндіруі мүмкін. Асайын Байханов ұзындығы 500 метр болатын жағалауды нығайту жобасымен танысты. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.Өңір басшысы жетекшілік ететін басқармаға мәселені ерекше бақылауға алуды және мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін жобаны іске асыруды қамтамасыз етуді, оған облыстық бюджеттен қолдау көрсетуді тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -