ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Дипломатиялық конференцияда баяндама жасады
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Әділет министрі Азамат Есқараев Өнеркәсіптік үлгілер бойынша заңдар туралы шарт (ҮЗШ) жасасу және қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйлеп, инновацияларға жәрдемдесуде, шығармашылық әлеуетті қолдауда және экономикалық дамуды ынталандыруда маңызды рөл атқаратын өнеркәсіптік меншікті құқықтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Азамат Есқараев өз сөзінде өнеркәсіптік үлгілерді жаһандық деңгейде қорғауды біріздендіру және оңайлату үшін түйінді маңызы бар ҮЗШ-ны қабылдауға қолдау білдірді.
Ол сондай-ақ халықаралық аренада дизайнерлер мен компаниялар үшін тең жағдай жасау арқылы өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың жаңа кезеңін бастайтын құжаттың тарихи маңыздылығын атап өтті.
ҮЗШ-ны қабылдау қазақстандық дизайнерлер үшін халықаралық әріптестерімен тең жағдайда құқықтарын қорғауға және құқықтық қолдаудың сенімділігімен жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндіктер туғызады.
Шарт инновацияларды қолдай отырып, экономикалық өсуді ынталандыра отырып және елдің өнеркәсіптік дизайн саласындағы әлемдік нарықтағы позициясын нығайтудағы Қазақстанның креативті индустриясын дамытуға ықпал ететін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -