ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді
Бүгін Әділет министрлігінде БАҚ өкілдеріне арналған әділет органдары тарапынан атқарылып жатқан қызметі туралы баспасөз мәслихаты өтті.Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли министрліктің атқарып жатқан жұмыстарының негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Атап айтқанда жаңа мемлекеттік қызметтерді енгізу және цифрландыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, құқықтық-насихаттық жұмыс, заңнаманы дамытудың негізгі мәселелері, төрелік, мәжбүрлеп орындаушылық қызметі және өзін әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтармен күресу шараларына арналған министрліктің жұмыстарына тоқталды.Бүгінде бөтеннің тауар белгісін заңсыз пайдалану бойынша 58 іс қозғалып, бюджетке жалпы сомасы 4 539 914 теңге өндірілді. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 24 млн теңгенің құрайтын 82 435 контрафактілік өнім тәркіленді.Алматы қаласында – 20 тексеріс жүргізіліп 20 құқық бұзушылық дерегі анықталды және Қарағанды облысында – 9 тексеріс жүргізіліп 8 құқық бұзушылық анықталған.Биылғы жылдың 20 наурызында Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері «Henkel» компаниясы өкілдерінің шағымы негізінде көтерме тауарларды сатумен айналысатын ЖШС біріне жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеру барысында «METYLAN» тұсқағаз желімі тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды.Тексеріс нәтижесі бойынша 7 миллион теңгеден астам сомаға 14 276 бума контрафактілік өнім тәркіленді.Атап айтатын тағы бір жаңалық елімізде 5 географиялық көрсеткіш тіркелді. Олар: «Түркістан» балмұздағы, «Түркістан шоколады», «Алматы апорты», «Қарағанды балмұздағы» және «Сайрам» кексі.Сондай –ақ сот сараптамалары қызметтерінің тізбесін кеңейту мақсатында, осы жылы сот сараптамасының жаңа түрі – зияткерлік меншік объектілеріне сараптама жүргізу қызметі енгізілді.Сараптаманың бұл түрін енгізу арқылы зияткерлік меншікті қорғауға, инвестициялық қызметті құқықтық қорғауға және еліміздің имиджін нығайтуға жасалған үлкен қадам саналады.Осыған орай Әділет министрлігі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жазғы мектебінде сот сарапшыларын оқытты.Сот сараптамалары институты жыл сайын түрлі бағыттарғды қамтитын 180 мыңнан астам сараптама жүргізеді. Институт құқықтық мемлекет құруда айрықша маңызға ие және оны дамыта түсу Әділет министрлігінің алдына қойып отырған басым бағыттарының бірі. Қазіргі таңда еліміз бойынша Сот сараптамалары орталығының 19 бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Ондағы мамандардың жалпы саны 2 782 қызметкерді құрайды. Оның 578-і сот сарапшысы, ал 676-сы сот-медициналық сарапшылары. Сот сараптама қызметіне жүгінушілердің 90 пайызы құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Сонымен қатар, Әділет министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық пен нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспары шеңберінде басқа өңірлерді кезең-кезеңімен заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауды жоспарлап отыр. (2024 және 2025 жылдарға 3 996 126 мың теңге қарастырылған) Нәтижесінде 2025 жылы есірткіге зерттеу жүргізу мерзімі 30 күннен 3 күнге дейін қысқаратын болады.Бүгінгі күні алимент өндіру ісі бойынша 292 мың атқару өндірісі орындалуда. Оның 12 883-і проблемалық борышкерлер. (8 330 борышкер – 3 айдағы алимент бойынша берешегін өз еркімен бөліп өтейді, ал 4 553 борышкердің – алимент бойынша берешегі мүлде өтелмеген), берешек сомасы 14,6 млрд.Барлық проблемалық алимент төлемдерінің жалпы санының 97,1%-ы ер адамдар негізінен төленуде, (283 924 іс жүргізу) ал әйелдер 2,9%-ы құрайды. (8 480 өнім)7882 алимент бойынша борышкерге Қазақстан аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылды.2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда жақсы жағына қарай тенденция байқаладыСоңғы мәліметтер бойынша, проблемалы өндірістер саны 25 пайызға, ал борышкерлердің жалпы берешегі 31 пайызға азайған.Қазақстан Республикасы мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобының инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша ортақ міндеттемені растай отырып, 2024 жылдың 9 сәуірінде Әділет министрлігі мен Қор өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Сонымен қатар қазіргі уақытта алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін хабарлаймын. Жалған қызметкерлер өздерін сот орындаушысы ретінде таныстырып, азаматтардан қарыздарын өтеуді талап етуде. Талап орындалмаған жағдайда олар есепшоттарды, мүлікті бұғаттайды.Сізге осындай қоңырау немесе хабарлама түскен жағдайда Әділет министрлігінің, Республикалық және өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының ресми сайттарындағы ақпаратты өз бетіңізше тексеріп, қажет болған жағдайда банкке хабарласуды ұсынамыз.Атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғы туралы ақпаратты тексеру үшін интернет-браузердің іздеу жүйесінде AIS OIP (Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) деп жазу керек, содан кейін «Борышкерлер мен тыйым салулар тізілімі» бөлімін таңдап, тек ЖСН-ді енгізу керек. Сөз соңында Әділет министрлігінің ресми өкілі журналистердің сұрақтарына жауап беріп, министрлік бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын айтты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -