ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады
Бүгін Даниель Ваисов Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарға қабылдау өткізді.
Шымкент, Алматы қалалары мен Түркістан облысының тұрғындары алимент және мәжбүрлеп орындату мәселелері бойынша өз шағымдарын айтты.
Даниель Ваисов шағымдар бойынша жан-жақты жауап беріп, аталған мәселелер жеке бақылауына алынатынын айтты.
Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша вице-министр әділет органдарының құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -