ҚР ЭМ Қоғамдық кеңесінің отырысында қазақстандық кадрларды оқыту және ҒЗТКЖ мәселелері талқыланды
2024 жылғы 3 қыркүйекте ҚР Энергетика министрлігінде энергетикавице-министрі Ерлан Ақкенженовтің қатысуымен Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
Қоғамдық кеңес мүшелеріне Қазақстанның мұнай-газ-химиясы өнеркәсібін дамытудың өзекті мәселелері, атап айтқанда, полипропилен тұтынуының ішкі нарығының дамуы, «Мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы» заң жобасын әзірлеу туралы, Мұнай-газ-химия жобаларын дамыту үшін шикізат базасы туралы және «ҰИМТ АЭА» АҚ қызметі туралы ақпарат берілді.
Отырысқа «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА» АҚ өкілдері де қатысты.
Соңында вице-министр Е.Қ. Ақкенженов Қоғамдық кеңес мүшелерін «Қазақстан мұнайына 125 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -