ҚР Мәжілісі Қатар мемлекетімен инвестициялар туралы келісімді ратификациялады: Астана қаласы, 12 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР Мәжілісі Қатар мемлекетімен инвестициялар туралы келісімді ратификациялады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар мемлекетінің Үкіметі арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді ратификациялауды мақұлдады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, құжатта  Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын жобаларға қатарлық компаниялар инвестиция салатын шарттар тізбесі көзделген.

«Келісімді іске асыру жалпы соммасы  $20 млрдқа  жуық инвестиция тартуға мүмкіндік береді», - деді вице-премьер.

Келісімде елімізде телекоммуникация, энергетика, газ өндіру және тасымалдау, қаржы салаларын қоса алғанда, 9 бірлескен инвестициялық жобаны, оның ішінде «Bereke Bank» АҚ-ның 100% акциясын «Lesha Bank»-тың сатып алуы жөніндегі жобасын іске асыру қарастырылған.

«Аталмыш жоба Мемлекет басшысының банк саласындағы бәсекелестікті арттыру мақсатында елге 3 сенімді шетелдік банкті тарту тапсырмасын іске асыруды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Н.Байбазаров.

«Казахтелеком» АҚ-ның «Мобайл Телеком»-Сервисін» қатарлық «Power International Holding» компаниясына сатуы телекоммуникация саласын ырықтандыруға және бәсекелестіктің өсуіне ықпал ететін болады.

Қуаттылығы жылына 1 млрд, 2,5 млрд және 6 млрд текше метр газ өңдеу зауыттарын салу Қашаған кен орнының ресурстық базасын ұтымды пайдалануға және елдің ішкі қажеттіліктерін жабу үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайтуға бағытталған.

Бұдан бөлек, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін, КС-14 жаңа компрессорлық станциясын, «КС-14-Қостанай-Ақтөбе» магистральдық газ құбырын салу, сондай-ақ Қызылорда облысындағы бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын және Ертіс өзенінде қуаты 350 МВт-қа дейінгі су электр станциясын салу жоспарлануда.

«Келісіммен қазақстандық тарап қатарлық инвестициялар үшін тұрақты салық режимін, сондай-ақ Қазақстан аумағында қатарлық инвестицияларды қорғауды қамтамасыз етеді», - деп түйіндеді министр.

Ақпарат көзі: Министерство национальной экономики Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар