ҚР Парламенті Мәжілісінде ТЖ алдын алуды бақылауды күшейту мәселесі талқыланды
ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов жаңадан құрылған ТЖ алдын алу комитетіне бақылау функцияларын беру туралы хабарлады.
"Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті жалпы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бақылау функциялары беріледі", - деп министр хабарлады.
Қазіргі уақытта орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру құқығын ТЖМ-ге беру бойынша заңнамалық түзетулер әзірленіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.
Түзетулермен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды әзірлеу және бекіту бөлігінде ТЖМ өкілеттіктерін кеңейту, орталық және жергілікті атқарушы органдардың талаптарын орындамау туралы ұсыныс енгізу, ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың құзыретін беру, сондай-ақ іс-шараларды орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары көзделеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -