ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ҰЛЫТАУ АУДАНЫНДА
ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Серік Шайдаров, Советбек Медебаев, Аманжол Әлтаев Жезді кентінде жүргізіліп жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға Сәтбаев көшесінің бойында 80 ш.м. болатын үш баспана салынуда. Қазіргі таңда үйлер тұрғызылды. Ішкі жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілермен мәселе жоқ. Депутаттар өз кезегінде жаңа құрылыстың тұрғындар ойынан шығуы маңызды екенін жеткізді.
Келесі кезекте халық қалаулылары кенттегі денешынықтыру және сауықтыру кешені болуы тиіс ғимараттың құрылысын қарады. Қазіргі таңда нысанда ішкі жұмыстар атқарылуда. Спорт нысаны биыл жыл соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Жезді кентіндегі аурухана – Ұлытау облысындағы ең ескі медициналық нысандардың бірі болатын. Биыл ғимарат толық жаңартылды. Қазіргі таңда қасбетін жаңарту жұмыстары аяқталып, аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халық қалаулылары істің атқарылу барысын бақылады.
Сонымен қатар Парламентке Ұлытау облысынан сайланған депутаттар Қарсақбай кентінде де болды. Халық қалаулылары аймақтағы аурухананың тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар мәселеге назар салды.
Қарсақбайдағы мәдениет үйі былтыр күрделі жөндеуден өткен болатын. Депутаттар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының арқасында есік-терезесінен бастап, еден-шатырына дейін толық айырбасталған ғимараттың жұмыс барысын, ондағы кітапхана ісін қадағалады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -