ҚР Премьер-Министрі Абай облысына жұмыс сапарымен келді: Абай облысы, 26 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі Абай облысына жұмыс сапарымен келді

Абай облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов өңірдің негізгі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандарын аралап, облыс орталығын абаттандыру жұмысымен танысты.

Үкімет басшысы ЖЭО жаңғырту барысын, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін және жылу беру кезеңіне дайындықты тексерді. 2024 жылы облыста 11 жылу көздері мен 37,9 шақырым жылу желілерін салу, қайта жаңғырту және ағымдағы жөндеу бойынша 28 жобаны іске асыру жоспарланған.

Қарағайлы шағын ауданында жаңа блок-модульді көмірмен су жылыту қазандығының құрылысына ерекше назар аударылды. Ауданы 18 700 шаршы метр учаскеде салынып жатқан қуаты сағатына 21,5 Гкал болатын қазандық 44 көпқабатты тұрғын үйді, 1200 орындық мектепті және нефрологиялық орталықты жылумен қамтамасыз етеді. «ЭМ-холдинг» ЖШС іске асыратын жобаны 2024 жылдың қарашасына дейін аяқтау көзделген.

Үкімет басшысы аспалы көпірдің астындағы облыс орталығының сол жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістікті аралап көрді. Бірегей жоба 12 мың шаршы метрден астам аумақты қамтиды. Кеңістікте жанкүйерлерге арналған мінбе және баскетбол, футбол алаңдары бар. Сондай-ақ Премьер-Министр автогуж көпірін қайта жаңғырту барысымен танысты. Онда тіректерді тұрғызу, бұрғытолтырмалы қадаларды бетондау жұмыстары орындалды. 9 тірек пен 8 аралық салу жоспарлануда.

Аспалы көпірді қайта жаңғырту жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлену үстінде. Жол төсемін ауыстыру, инженерлік кабельдер желілерін қайта құру, коррозияны жою, металл конструкциясын сырлау және су бұрғыштарды жөндеу сынды барлық қажетті жұмыстар ескерілді. Сонымен қатар, айналма жол салу бойынша жоба әзірленуде. Ұзындығы 51,5 шақырым II техникалық санаттағы айналма жол Семей қаласының батыс жағынан қарастырылған. Екі жолақты қозғалыс, 6 жолайрық, 3 көпір және 2 жол өткелін салу жоспарлануда. Сондай-ақ, Үкімет басшысы «Эйкос» ЖШС, SemeyCement, «Қазполиграф» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, «Семей машина жасау зауыты» АҚ қызметімен танысты.

Ақпарат көзі: Абай облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар