ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығының XXXVII-ші мәжілісіне қатысты: Астана қаласы, 23 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығының XXXVII-ші мәжілісіне қатысты

2024 жылғы 19 қыркүйекте Ресей Ғылым академиясының Президиумында Ресей Ғылым академиясының 300 жылдығына арналған Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығының (ҒАХҚ) кеңесінің 37-ші мәжілісінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Вьетнам, Қырғызстан, Өзбекстан, Черногория, Әзербайжан, Куба және Қытайдың ғылым академиялары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.

Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығы (ҒАХҚ) ТМД елдерінің ғылым академияларын, университеттерді және Кариб теңізі аймағынан Азияға дейінгі ірі ғылыми орталықтарды қамтитын 27 ұйымды біріктіреді. ҒАХҚ-ның жоғарғы басқарушы органы – Кеңес. 2017 жылдан бері ҒАХҚ-н ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдауды Беларусь Ұлттық ғылым академиясы жүзеге асырып келеді, оны Беларусь Ұлттық ғылым академиясы Президиумының төрағасы, академик Владимир Гусаков басқарады.

Кеңес мәжілісінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев академияның қызметі және ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың перспективалары туралы баяндады. Ол Қазақстанның ҒАХҚ-ның күш-жігері арқасында қол жеткізілген жетістіктерді жоғары бағалайтынын және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды толық қолдайтынын атап өтті.

Ақылбек Күрішбаев ҒАХҚ жұмысына жас ғалымдарды тартудың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, ғылымның болашағы жас буынды ғылыми жұмысқа тартудың тиімділігіне тікелей байланысты. Президент сондай-ақ Қазақстанның жас ғалымдарды қолдауға бағытталған жобаларға белсенді түрде қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Сөз барысында ол Қазақстан үшін басым бағыттар болып табылатын экология, климаттың өзгеруі және су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы мен Беларусь Ұлттық ғылым академиясы арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар бірлескен зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін Қазақстан мен Беларусьте коммерцияландыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға келісті. Меморандум сонымен қатар идеялармен, ақпаратпен, технологиялармен алмасуды және екі елдің ғылыми инфрақұрылымын бірлесе пайдалануды қарастырады.

Дәстүр бойынша ҒАХҚ аясында ҒАХҚ-на мүше елдердің Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ЖҒК төрағасы Мақсат Жабағин және Ұлттық ғылым академиясының Пәнаралық ғылымдар орталығының директоры Қуантар Алиханов баяндама жасады. Мәжіліс барысында өткен жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен ЖҒК-ның жақын болашаққа арналған жоспарлары талқыланды.

ҒАХҚ Жас ғалымдар кеңесінің алдағы міндеті – зерттеушілерді қолдау, ТМД елдерінің жас ғалымдар қауымдастықтары қызметін үйлестіру тәжірибесімен алмасу және ҒАХҚ-на мүше елдердің ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша бірлескен міндеттерді шешу үшін ғылыми ұжымдарды біріктіру механизмдерін әзірлеу.

Сапардың нәтижесінде Ресей Ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесі, Біріккен ядролық зерттеулер институтының Жас ғалымдар мен мамандар қауымдастығы (ОИЯИ ОМУС) және ҚР Президенті жанындағы ҰҒА Жас ғалымдар кеңесі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар