Әр өңірдің мемлекеттік қызметкерлері Ақтөбеге жиналды
Бүгін Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі Спартакиада басталды.
«Биылғы Спартакиадаға 700-ге жуық мемлекеттік қызметші бас қосты. Осы арқылы сіздер бұқаралық спортты кеңінен насихаттап келесіздер. Спартакиада барлық қатысушы үшін сәтті өтеді деген сенімдемін. Жарыс барысында төрешілерге сәттілік тілеймін»,- деді ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Есет Байтасов.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов те сөзінде қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Мемлекеттік қызметкерлер үнемі еліміз үшін маңызды бастамалардың алдыңғы шебінде жүреді. Сіздерді Ақтөбе қаласында көргеніме қуаныштымын. Осы жарыста жақсы нәтиже көрсетіп, көптеген әріптеспен байланыс орнатасыздар деген сенімдеміз»,- деді Ғалымжан Елеуов.
Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы Айбек Шілманов өз сөзінде елімізде қазір 83 мың мемлекеттік қызметкер бар екенін атап өтті.
Бұл жолы барлық 17 облыс пен Астана мен Шымкент қаласынан келген команда 669 әуесқой азамат өзара сынға түседі. Олар 8 спорт түрінде (үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, гір тасын көтеру, жүзу, қазақ күресі, шағын футбол мен волейбол) кім мықтыны анықтамақ. Жарыста 98 республикалық деңгейдегі төреші жұмыс істейді. Биылғы Спартакиаданың бас төрешісі - Ермек Қоспанов.
Алдыңғы Спартакиада 2022 жылы Петропавл қаласында өтіп, жалпы есепте Түркістан облысының командасы 1-орын алған.
Айта кетейік, биыл Ақтөбе қаласының іргесі қаланғанына 155 жыл толып отыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -