ҚР СІМ-де Қазақстанның Армениямен достық пен ынтымақтастық туралы шартқа 25 жыл толуы аталып өтті
Астана, 2024 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Армен Гевондянмен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толуына орай мемлекеттер көшбасшылары мен сыртқы істер министрлері аттарынан құттықтау хаттарымен алмасты.
Осы орайда өткен кезең ішінде тиімді мемлекетаралық ынтымақтастық үлгісі құрылғаны, белсенді саяси диалог жүргізілуі, сауда-экономикалық кооперация тереңдетілуі, мәдени-гуманитарлық жобалардың ілгерілетілуі аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша сындарлы диалог пен өзара түсіністік негізінде Қазақстан-Армения өзара іс-қимылын бұдан әрі нығайтуға өзара мүдделілік расталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -