ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-НЕ ҚАТЫСТЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БҚДАД ТЕРГЕУІН ЗАҢДЫ ДЕП ТАНЫДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті (әрі қарай -Департамент) «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС-не (бұдан әрі-ҚТЖ-ЖТ) қатысты 2020 жыл және 2021 жылдың 7 айы кезеңінде жүктерді тасымалдау нарығында үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша, атап айтқанда, тең мағыналы келісімдерге негізделмеген, себепсіз әртүрлі шарттарды қолдану бөлігінде тергеу жүргізді.
ҚТЖ-ЖТ жүктерді тасымалдауға контрагенттермен шарттар жасасу кезінде мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың кепілдік берілген көлемі - тек 400 мың тонна көлемі орындалған жағдайда төмендету коэффициентін (жеңілдікті) беріп келсе, «КTZ Express» АҚ-мен жасалған ұқсас шартта төмендету коэффициенті тасымалдаудың кепілді көлемі қосымша талаптарсыз берілген.
Осылайша, ҚТЖ-ЖТ «КTZ Express» АҚ-ға жеңілдік шарттарын жасап, бәсекелестікте артықшылықтар беріп, өзге экспедиторлық компанияларға қарағанда артық жағдай жасаған.
ҚТЖ-ЖТ тергеу нәтижелерімен келіспей, Астана қаласы бойынша БҚДАД шешіміне шағымданды.
ҚР Жоғарғы Сотының сот алқасының 2024 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен тергеу нәтижелері заңды деп танылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -