Рафхат Жұмайбекұлы Беркутбаев Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды
Беркутбаев Рафхат Жұмайбекұлы 1989 жылы 23 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Өскемен қаласының Экономика және қаржы колледжін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық технологиялар университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де бастаған.
2009-2010 жылдары - «Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы» КММ көлік бөлімінің инженері. 2010-2012 жылдары - «Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ автомобиль жолдарын дамыту және күтіп ұстау бөлімінің маманы. 2012-2014 жылдары - «Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ автомобиль жолдарын дамыту және күтіп ұстау бөлімінің бас маманы.
10.07.2014-31.10.2014 жж. аралығында - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Концессиялық жобалар және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, Ғылым және жұмыс сапасы басқармасының сарапшысы. 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің жергілікті желіні дамыту басқармасының сарапшысы.
2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің жергілікті желіні дамыту және жұмыс сапасы басқармасының бас сарапшысы. 2018-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Жобаларды дайындау басқармасының басшысы.
2021-2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Инвестициялық жобаларды дайындау басқармасының басшысы.
2023-2024 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Бюджеттік саясат және корпоративтік басқару басқармасының басшысы. 2024 жылдың 26 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -