Өңірде 27 цифрлық жоба іске қосылады
Семейде «Ақылды» қалаларды дамытуға арналған Жол картасы аясында 27 жоба іске асырылмақ (17 базалық және 10 қосымша жоба). Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы бұл бастамалар –ресурстарды тиімді пайдалану, жоғары технологиялық шешімдерді енгізу арқылы қаланы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталатынын атап өтті.
«Жол картасы аясында 2024 жылы бірнеше жоба іске қосылды. Олардың қатарында тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін автоматтандыру, көшеттерді цифрлық есепке алу, орта және жоғары оқу орындары базасында IT алаңдарын ашу бар. Сондай-ақ, «109» Бірыңғай байланыс орталығы омниканалдық, білім базасының болуы және бейнебақылау жүйелеріне қол жеткізу мүмкіндіктерімен жетілдірілді. Бұдан бөлек, биыл тұрғын үй-коммуналдық саласындағы қызметтер санын 40-қа дейін жеткізу жоспарлануда», – деді басқарма басшысы.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, цифрлық технологиялар басқармасы «My Semey» суперқосымшасын іске қосу жұмыстарын қолға алуда.
«My Semey» қосымшасы такси шақыру, автобус қозғалысын бақылау, емханаға жазылу, «109» қызметімен интеграция, мәдени нысандар туралы ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, ауа райы, валюта бағамдары, жаңалықтар, сауалнамалар және тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне қол жеткізе алады. Бұл жоба Семейді «ақылды» қалаға айналдыруға мүмкіндік береді», – деді Абзал Серікұлы.
Сонымен қатар, туризмді дамыту мақсатында Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы Алакөл көліндегі демалыс үйлерін брондауға арналған ALAKOL.KZ букингсервисін іске қосу жұмыстарын жүргізуде. Жоба биыл қолданушыларға ұсынылып, сайт пен мобильді қосымша форматында жүзеге асырылмақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -