Өңірде іске асырылуы тиіс жобалар талқыланды
Бүгін, 3 қазанда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында жасақталған өңірлік Іс-шаралар жоспарының жобасы талқыланды.
Кеңесте жолдауда айтылған негізгі басымдықтар мен облыс деңгейінде атқарылатын жұмыстардың нақты бағыттары пысықталды. Атап айтқанда, Республика деңгейінде 9 бағыт бойынша 76 іс-шараны қамтитын жалпы ұлттық жоспар жасақталды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарға қатыстысы 7 бағыт бойынша 33 іс-шара бар.
Өңірлік Іс-шаралар жоспарының жобасымаен инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлтсаулығын нығайту бағытталған кешенді шараларды қолға алу, экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру бағытындағы шаралар қамтылды.
Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысының реформалары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін және барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың үйлесімді әрекеті қажет екенін атап өтіп, барлық жауапты тұлғаларға тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындау жөнінде нақты нұсқаулар берді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -