Реформалар агенттігі БҰҰ өкілдерінің делегациясымен стратегиялық сессия өткізді
Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Әркен Өтенов БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Кеңсесінің басшысы Куртмолла Абдулганиевпен, Қазақстандағы ЮНИСЕФ, БҰҰ Әйелдер, ЮНФПА, БҰҰДБ өкілдерімен кездесіп, 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасын талқылады.
Құжаттың жобасын ұсына отырып, Реформалар агенттігі басшысының орынбасары Әркен Өтенов қазіргі уақытта Агенттіктің стейкхолдерлермен, сарапшылармен және халықаралық ұйымдармен талқылаудың соңғы циклін жүргізіп жатқанын атап өтті.
БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі және делегация басшысы Куртмолла Абдулганиев ынтымақтастыққа қолдау мен алғысын білдіріп, құжат бойынша пікірімен бөлісті.
«2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасы қазіргі әлемдік трендтер мен сын - тегеуріндерге, сондай-ақ Президент Қ.Тоқаевтың өршіл бағдарламалық бастамаларына жауап беретін инновациялық құжат болып табылады», - деді ол.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің м.а. Летисия Баззии-Вейл даму жоспарының логикасы мен тәсілінің жаңалығын атап өтіп, халықты әлеуметтік қорғау, ана мен бала, денсаулық сақтау, білім және ғылым, педагог кадрларды даярлау мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.
БҰҰДБ Қазақстандағы өкілінің орынбасары Айнұр Баймырза стратегиялық жоспарлау құжаттарына БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын кеңінен енгізу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
БҰҰ-Әйелдер Қазақстандағы өкілінің м.а. Дина Амришева және ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілінің м. а. Ғазиза Молдақұлова құжаттың демографиялық және отбасылық-гендерлік аспектілеріне тоқталды.
Қорытындылай келе, тараптар ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -