Реформалар агенттігінің басшысы ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесті: Астана қаласы, 10 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Реформалар агенттігінің басшысы ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесті

Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Төрағасы Жандос Шаймардановтың Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Мустафа Сарвармен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тің балалардың әл-ауқаты саласындағы жобалары мен зерттеулерін талқылады.

Жандос Шаймарданов БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қоры өкілдігінің басшысын жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, біздің ведомствоның көптеген жылдар бойы ЮНИСЕФ-пен түрлі жобалар бойынша, оның ішінде MICS 2023-2025 жж. іріктеп тексеру шеңберінде табысты ынтымақтасып келе жатқанын атап өтті.

«Біз ЮНИСЕФ - тің еліміздегі әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы қолдауын құптаймыз», - деді Ж.Шаймарданов.

Рашед Мустафа Сарвар Агенттік пен Ұлттық статистика бюросының мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) жүргізуге қосқан үлесі үшін алғысын білдіре отырып, балалар мен жасөспірімдердің жағдайы туралы деректерді жинау және оларды талдау, шешімдер қабылдау және өскелең ұрпақтың дамуы мен болашағына қатысты саясат құру мәселелері үшін маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ЮНИСЕФ алдағы 5 жылға Қазақстан үшін жаңа елдік бағдарламаны әзірлеу үстінде. «Балаларсыз болашақ жоқ, сондықтан біз мемлекеттің стратегиялық пайымын толығымен қолдайтын бағдарлама құрғымыз келеді», - деді Рашед Мустафа Сарвар.

Қорытындылай келе, тараптар алдағы жобалар шеңберінде ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Төрағасы Жандос Шаймардановтың Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Мустафа Сарвармен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тің балалардың әл-ауқаты саласындағы жобалары мен зерттеулерін талқылады.

Жандос Шаймарданов БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қоры өкілдігінің басшысын жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, біздің ведомствоның көптеген жылдар бойы ЮНИСЕФ-пен түрлі жобалар бойынша, оның ішінде MICS 2023-2025 жж. іріктеп тексеру шеңберінде табысты ынтымақтасып келе жатқанын атап өтті.

«Біз ЮНИСЕФ - тің еліміздегі әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы қолдауын құптаймыз», - деді Ж.Шаймарданов.

Рашед Мустафа Сарвар Агенттік пен Ұлттық статистика бюросының мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) жүргізуге қосқан үлесі үшін алғысын білдіре отырып, балалар мен жасөспірімдердің жағдайы туралы деректерді жинау және оларды талдау, шешімдер қабылдау және өскелең ұрпақтың дамуы мен болашағына қатысты саясат құру мәселелері үшін маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ЮНИСЕФ алдағы 5 жылға Қазақстан үшін жаңа елдік бағдарламаны әзірлеу үстінде. «Балаларсыз болашақ жоқ, сондықтан біз мемлекеттің стратегиялық пайымын толығымен қолдайтын бағдарлама құрғымыз келеді», - деді Рашед Мустафа Сарвар.

Қорытындылай келе, тараптар алдағы жобалар шеңберінде ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Аймақтағы жаңалықтар