Реформалар агенттігінде Қытайдың даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілдерімен экономикалық даму мәселелері бойынша семинар өтуде
Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде Қытай Халық Республикасының даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетімен бірлесіп ұйымдастырылған семинар басталды.
Бұл іс-шара өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары кезінде қол қойылған ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы тәжірибе алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум бойынша ынтымақтастық шеңберінде өтуде.
Іс-шараны ашқан ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Пань Цзян Қазақстан Қытайдың жақсы досы және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктесі, оның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру шеңберінде сенімді әріптес екенін атап өтті.
«Біз бір-бірімізге қолдау көрсетуге әзірміз, сондай-ақ іс-шараның экономикалық даму бойынша өзара тәжірибе алмасуға ықпал ететініне, әріптестердің кәсіби дағдыларын арттыратынына сенім білдіреміз», - деді ол.
Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Төлеуовтің айтуынша, қытайлық әріптестермен ынтымақтастық жаңа идеялар, тәжірибелер мен мүмкіндіктерге жол ашады.
«Семинарларды өткізу Мемлекеттік комитет пен біздің Агенттік арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандумның келесі кезеңі болып табылады», - деді ол.
Онлайн форматтағы үш күндік оқуда Қазақстан тарапынан түрлі мемлекеттік органдардың жүзге тарта өкілі қатысуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -