Реформалар агенттігі және Азия даму банкінің өкілдері ынтымақтастық бастамаларын талқылады
Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов Қазақстандағы Азия даму банкінің тұрақты өкілдігінің директоры Утсав Кумармен кездесті.
Кездесудің мәні АДБ-ның Қазақстандағы серіктестігінің 2023-2027 жылдарға арналған елдік стратегиясы шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылау, сондай-ақ құрылымдық және институционалдық реформаларды іске асыруға жәрдемдесу болды.
Агенттіктің қызметі туралы айта келе, Жандос Шаймарданов Азия Даму Банкі отыз жыл бойы Қазақстанның сенімді серіктесі болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, ведомстволар арасында тарихи қатынастар орнатылып, статистика саласындағы бірқатар жобалар іске асырылып, жалғасын табуда.
«Реформалар агенттігі әрдайым АДБ-мен елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне бағытталған стратегиялық ынтымақтастыққа ашық», - деді Ж.Шаймарданов.
Өз кезегінде Утсав Кумар елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларға қолдау білдіріп, ҚР Президентінің экономиканы ырықтандыру шаралары туралы Жарлығының ерекше маңыздылығын атап өтті. Ұлттық статистика бюросымен жобалар бойынша нәтижелі жұмыс жайлы айтып, басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдету ниеттері жөнінде хабардар етті.
Қорытындылай келе, тараптар жемісті өзара қарым-қатынасты жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -