Ресми ақпарат
Ағымдағы жылдың 5 маусым күні сағат 02.00-дегі жағдай бойынша “Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі” Сарықоба орманшылығының аумағындағы өрт көлемі 1750 га жетті.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өрт сөндіруге жұмылдырылған күштерді үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, ТЖ департаментінің басшысы А.Тоқанов, таб. ресурстар және таб. пайдалануды реттеу бас. басшысының м.а. Н.Егембердиев оқиға орнына шықты.
Кеше (04.06) сағат 16-20 шамасында Жамбыл облысының "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ Сарықоба орманшылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталардың өртенуі орын алған болатын.
Барлығы 244 адам және 50 бірлік техника тартылды, оның ішінде: жергілікті жерде орман шаруашылығы қызметкерлерінен 100 адам және 13 трактор, 2 автоцистерна, сондай-ақ 12 жеңіл автомобиль, Қазавиақорғаудың 1 тікұшағы және 6 қызметкері жұмыс істеуде.
Сондай-ақ, ТЖД жеке құрамының 84 адамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Қосымша, орман шаруашылығынан 31 адам және 6 жеңіл автокөлік және жергілікті атқарушы органдардан 26 адам 10 бірлік техникасы оқиға орнына шықты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -