Ресми ақпарат
2024 жылғы 17 шілдеде Қордай ауданының Бетқайнар, Қақпатас ауылдық округтерінде сағат шамамен 18.30-да басталған дауыл және қатты жаңбыр салдарынан таулы жерлерде көлбеу ағыны орын алды.
Жеке аула аумақтарын, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелмеді.
Нақтылау шаралары кезінде «Береке» шаруа қожалығының 671 бас ұсақ малы мен 10 бас жылқысы суға ағып кеткені бойынша ақпарат расталмады. Қазіргі таңда ағын су салдарынан 6 бас ешкі, 1 қой, 1 бұзаудың өлексесі анықталды. Қосымша зерделеу, анықтау жұмыстары жалғасуда.
Соғанды ауылында желдің жылдамдығы 45 м/с дейін жеткен. Ағын су салдарынан «Соғанды-Бетқайнар» автожолындағы көпір бүлінген. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметінің күшімен (1 адам және 1 бірлік техника) бекет қойылып, жол жүру қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Шұғыл арада сметалық құжаттама әзірленетін болады. Соғанды ауылы бойынша 15 тұрғын үй және қора жайлардың шатырлары жел салдарынан ұшып кеткен. «Beeline» ұялы байланысының мұнарасы құлаған.
Соғанды ауылында 3 бригада (15 адам, 2 техника) электр желілерін қосу үшін жұмыс атқаруда. Жел салдарынан құлаған ағаштардан газ құбырылары сынған, аудандық «ҚазТрансГазАймақ» тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Беріктас ауылында желдің жылдамдығы 43,5 м/с дейін жеткен. Электр желілерін қосу үшін 2 бригада (10 адам, 5 техника) жұмыс атқаруда (қосымша 1 бригада жіберіледі).
Жел салдарынан сынған газ құбырларын қалпына келтіру үшін 4 бригада жұмыс атқаруда (30-40 адам).
Газға, электр қуатына қосу жұмыстары бүгін аяқталады деп күтілуде.
10-15 үй мен қора жайларының шатырлары ұшқан.
Табиғи сипаттағы қатты дауыл салдарынан аудандық орталық ауруханаға 3 азамат қайырылды. 1 науқастың жағдайы ауыр, 2-і үйіне қайтарылды.
Қордай ауданындағы жағдай Жамбыл облысы әкімінің тікелей бақылауында.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -