Республика күні: Астана жастары ерекше челлендж ұйымдастырды
Астанада көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттардың балкондарына «Менің елім – менің туым!» челлендж аясында 1000 мемлекеттік ту ілінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда жастары «Менің елім – менің туым!» челленджін қолдады. Мереке қарсаңында жастар осындай ерекше акция ұйымдастырып, үйлердің балкондарына 1000-ға жуық ту ілінді.
Патриоттық акция жыл сайын өткізіледі. Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар елорда көшелерінде жүрген жолаушыларды да ерекше әсерге бөлейді. Астаналықтар жылы қабыл алып, акцияға қосылды.
«Жұмысқа бара жатқанымда Республика даңғылындағы үйлер мемлекеттік тумен безендірілгенін көрдім. Жұмысқа бара жатқанда ешнәрсе ойламайсыз, ал мұндай жайт ерекше көңіл-күй сыйлайды. Меніңше, жұрттың ойын күнделікті күйбең тірліктен бөліп, бәріміз бір «үйде» өмір сүретінімізді еске салу пайдалы», - деп бөлісті Астана тұрғыны.
Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы, Қабанбай батыр, Тұран, Республика, Қошқарбаев даңғылдарында, Нәжімеденов, Сарайшық, Сығанақ, Достық және т.б. көшелер), жол бойында ҚР тулары желбіреп тұр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -