Республика күні Астанада 16 сәби дүниеге келді
25 қазан күні сағат 7:00-ге дейін Астанада 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Олардың 10-ы – ұл, 6-ы – қыз.
Елорданың үш перзентханасында мейірбике қызметкерлері осындай айтулы күнде жақсылықтың жаршысы болған жаңа туған нәрестелерді қуана қабылдады.
Қалалық перинаталдық орталықта 6 бала дүние есігін ашты. Олардың аналарын ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова және Алматы ауданы әкімінің орынбасары Мұхамедияр Қожекенов құттықтауға барды.
№2 қалалық көпбейінді аурухана 5 жаңа туған нәрестені қуанышпен қарсы алды. Олардың аналарына Есіл ауданы әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы мен басқарма басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева жылы лебіздерін білдірді.
№3 көпбейінді қалалық ауруханада жаңа туған 5 сәбидің аналарын Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері құттықтады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -