Республика күніне орай Бесқарағай ауданында жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Бесқарағай ауданында Республика күніне орай кезекте тұрғандарға жаңа пәтер кілттері табыс етілді. Облыс ауылдарында баспанаға кезекте тұрған тұрғындар көптен күткен баспаналарына қол жеткізді.
Канонерка ауылында екі пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға беріліп, оған төрт отбасы қоныстанды.
«Бүгін Республика күнінде төрт балам екеуміз үлкен қуанышқа кенеліп жатырмыз. Балалар бұл күнді көптен күтті. Жаңа үйге қарап отырып, қуанышымызды жеткізе алмай тұрмын. Көп балалы отбасыларды қолдау бағдарламасына ризамын. Барша жерлестерді Республика күнімен құттықтаймын!», - деді көпбалалы ана Гүлзира Қуанышева.
Дәл осындай марапаттау рәсімі аудан орталығы Бесқарағай ауылында да өтті. Аудан әкімі Талғат Мұратов тұрғындарды мерекемен құттықтап, отбасыларға пәтер кілтін табыстады. Жаңадан қоныстанғандардың қатарында көпбалалы үш отбасы, халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан төрт отбасы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы бар.
Ақын Нұрлыбек Баймұратұлының туған жері Қарағайлы ауылында да көпбалалы төрт отбасы жаңа пәтерге ие болып, салтанатты түрде кілт табыстау рәсімі өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -