«Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жоба» жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес ««Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жоба» жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленген.
Жобаның мақсаты «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 1 000 000 000 (бір миллиард) АҚШ долларға дейін сомада тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жоба» жобасы бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -