РХТУ ФИЛИАЛЫ СТУДЕНТТЕРІ «ҚАЗФОСФАТ» ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
РХТУ ФИЛИАЛЫ СТУДЕНТТЕРІ «ҚАЗФОСФАТ» ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
11 қыркүйекте Д.И.Менделеев атындағы Ресей химиялық техникалық университет филиалы студенттері өндірістік серіктес «Қазфосфат» ЖШС өкілдерімен кездесті. Салтанатты шараға Дулати атындағы университет пен Д.И.Менделеев атындағы РХТУ ректорлары, «Қазфосфат» ЖШС кадрлар бөлімінің директоры, РХТУ түлектері және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы ғылыми және білім беру салаларындағы жастар координациялық кеңес мүшесі қатысты.
Бүгінгі таңда «Қазфосфат» – ТМД және Еуропа аумағында құрамында фосфор бар тыңайтқыштар мен жемшөп фосфаттарын өндіретін ірі компаниялардың бірі. Қатысушылардың айтуынша, бірнеше жыл бұрын Тараз үлкен химия қаласы болған. Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдарының басына дейін Жамбыл облысының химия кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнеркәсібін, стратегиялық өнеркәсібін, тұрмыстық химия өндірісін шикізатпен қамтамасыз етті.
Қазақстандағы өндірістің барлық дерлік салаларының экономикалық дамуына септігін тигізетін және үлкен маңызға ие болған Жамбыл облысына бұрынғы дамыған химия өнеркәсібі даңқы қайта оралуда. Д.И.Менделеев атындағы РХТУ бірінші проректорының орынбасары іс-шара барысында студенттерге арналған төсбелгілер мен студенттік билеттерді табыстады. Сондай-ақ филиал студенттеріне оқуға қажетті жиынтығы бар «Студенттік сөмкелер» сыйға тартылды.
Айта кетейік, 2 қыркүйектен бастап Д.И.Менделеев атындағы РХТУ филиалы Тараз қаласында «Бейорганикалық заттар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 30 студентті оқыту жұмысын бастады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -