Өңірлендіру қағидаты: Қазақстан Хунань провинциясымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті
ҚР Сауда және интеграция министрі А. Шаққалиевтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Хунань провинциясынан басталды.
Сауда және интеграция министрі А. Шаққалиев Хунань өңірінің губернаторы Мао Вэйминмен кездесті. Тараптар сауда, инвестиция саласындағы одан арғы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Сауда министрі А. Шаққалиев атап өткендей, Қытай Қазақстанның негізгі өткізу нарықтарының бірі және серіктесі болып қала береді. Осыған байланысты қазақстандық делегацияны 2024-2025 жылдарға арналған өнімді жеткізу шарттарын талқылауға дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші отандық компаниялар таныстырады.
Министр сондай-ақ екі ел арасындағы инвестициялық байланыстар да жақсы дамып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, өткен жылы Қытай Қазақстан экономикасына $1,4 млрд-қа жуық тікелей инвестиция салды. Негізінен құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі сияқты салаларды дамытуға бағытталған.
Өз кезегінде провинция губернаторы Вэймин мырза қытайлық компаниялардың металлургия, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, машина жасау, энергетика салаларында жұмыс істеуге қызығушылығы жоғары екенін айтты.
Кездесу соңында бойынша тараптар Қазақстан мен Хунань провинциясы арасындағы сауда мен инвестиция көлемін арттыруға ниетті екендерін айтты.
Сондай-ақ, ҚР Сауда және интеграция министрі Қытайдың Хунань өлкесінің Чанша қаласындағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, қытайлық компаниялар тарапынан ұсыныстарды тыңдады.
Чанша қаласындағы Zoomlion Heavy Industry Science & Technology Co. Ltd басшысы Ло Кай Қазақстанда жоғары технологияларды қолдана отырып, арнайы техника өндіру саласында бірлескен кәсіпорын құруға ниетті екенін хабарлады.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда тау-кен металлургия кешені, өңдеу өнеркәсібі және экономиканың басқа да салалары сияқты стратегиялық салаларда 3300 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Сіздердің өндірістеріңіздің арнайы техникасы біздің нарықта танымал: АӨК саласында, құрылыс жұмыстарында, ірі өнеркәсіптік нысандарда: автокрандар, мұнаралық крандар, шынжыр табанды крандар, бетон араластырғыштар, бульдозерлер, экскаваторлар», - деді министр.
Түсті металдарды импорттауға дайын тау-кен өнеркәсібі саласындағы өнеркәсіп компанияларымен, Hunan Grain & Oil ірі ауыл шаруашылығы корпорациясымен кездесу өтті.
«Мемлекет басшысының бастапқы өндірістен жоғары бөліністі өнім шығаруға көшу және 3 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнім үлесін 70% -ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, біз Сізді жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырамыз», - деді Шаққалиев.
Ал Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Г. Елеуов қытайлық кәсіпкерлерді жер қойнауына бай батыс өңіріне инвестиция салуға, сондай-ақ Қазақстан аумағында қайта өңдеуді жолға қоюға шақырды.
Хунань провинциясы темір, болат және электр энергиясы, машина жасау, көмір, химия, тоқыма және тамақ өнеркәсібінің дамыған өндірісімен белгілі.
Қазақстан мен Хунань провинциясы арасындағы тауар айналымы 7 айдың қорытындысы бойынша $413,1 млн. құрады Саудада электроника, тұтыну тауарлары және т.б. сияқты тауар позициялары бойынша $242,3 млн. көрсеткiшпен импорт басым.
Қазақстан экспорты 7,6 есе өсумен $171,1 млн. құрады, бұл негізінен металлургиялық өнім (ферроқорытпа, мыс), сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімі (күнбағыс майы, арпа, зығыр).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -