ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Алаш ардақтылары негізін қалаған Қазақ журналистикасының бүгінгі таңда мәртебесінің биіктей түсуі - өздеріңіздің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасы.
«Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты», «Қазақ» газеттері, «Айқап», «Ара» журналдары салған даңғыл жолда сіздердің де қолтаңбаларыңыз қалары ақиқат.
Біздің облыстағы журналистиканың да тарихы тереңнен бастау алады. Өңір жаңалықтарының жаршысы атанған ақпарат көздері жұртшылыққа уақытында хабар жеткізіп, халықтың мәселесін қаузап келді. Нәтижесінде игілік жолында еңбек еткен талай тектінің ақпарат айдынында есімі қалды.
ҚАДІРМЕНДІ ЖУРНАЛИСТЕР!
БАҚ қызметкерлерінің мерекесіне орай Ұлытау облысы әкімінің «ҰЛАР» сыйлығы тағайындалған. Аталған мәртебелі құрмет биыл екінші рет өңір көлемінде ауқымды түрде ұйымдастырылып, өз иелерін тапты.
Мерейлі күнде баршаңызға шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке, бастарыңызға амандық тілеймін!
Құрметпен, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -